
Дөнгелек үстел
Бөкей ордасы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және № 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері және аудандық прокуратураның аға прокуроры Р.Шакиржановтың қатысуымен облыстық «Нұр Отан» партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Заңы, мемлекеттік қызметшілер этикасының талаптарын сақтау туралы мәселелер қаралды. Қызмет кезінде және қызметтен тыс уақытта өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын сақтау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру туралы айтылды.
Бөкей ордасы ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Хайруллина