
ШӨПТІҢ ӨРТЕНУІ
02.11.2020ж. 21 сағат 13 минутта Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылындағы "ЖАРАС" агрофирма шаруа қожалығының ашық алаңында шамамен 500 шаршы метрді құрайтын үйілген 150 тонна шөптің тұтануы тіркелді. Өртті барлау барысында үш қатарлап үйілген руллон шөптің ортасындағы қатар жанып жатқаны анықталған.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар ық жақтағы қатарлана қойылған шөпті көшіріп жанудан аман алып қалған.
Өрт 23 сағат 40 минутта оқшауланып, 00 сағат 18 минутта толық жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ҚҰРМЕТТІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ!
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мал азығын (шөп, сабан және басқа да жанғыш материалдар) тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстардан және жолдардан алыс жерлерде сақтауды ұсынады.