
Кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» өткізілді
БҚО ТЖД Теректі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатысының Теректі ауданы филиалының директоры С. Садаров және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен Facebook әлеуметтік желісінің «Бизнес Уральска» парақшасында тікелей эфирде онлайн «дөңгелек үстел» өткізілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік пен микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге тыйым салынды. Бұл мораторийдің шағын (оның ішінде микрокәсіпкерлік) бизнесті қолдауға бағытталғанын атап өту қажет. Алайда, жекелеген меншік иелері осы мән-жайды және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган тарапынан бақылау іс-шараларын жүргізудің мүмкін еместігін пайдалана отырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытып кетеді.
Азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады. Қазіргі таңда Теректі ауданының ТЖ бөлімімен кәсіпкерлік субъектілерін тексеру санының төмендеуіне байланысты (шағын кәсіпкерлікті (микрокәсіпкерлікті) тексеруге мораторийдің қолданылуына байланысты), осы санаттағы объектілерде өрт қауіпсіздігі саласында бірқатар алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, мораторийдің әрекет ету кезеңінде шағын кәсіпкерліктің (микрокәсіпкерліктің) бақылау субъектілерін ақпараттық хабарландыруға баса назар аударылуда.
«Дөңгелек үстел» барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға міндетті екендігі жеткізілді.