Балық аулау қауіпсіз болуы тиіс

Балық аулау қауіпсіз болуы тиіс

Балық аулау қауіпсіз болуы тиіс

Күз-балық аулау әуесқойларының сүйікті кезеңі. Тәжірибелі балықшылар күзгі балық аулауды өте жақсы көреді, өйткені балықты ұстап алу оңай емес, олар арықпай, аулаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуға тура келеді, ал бұл жерде спорттық құмарлық жатыр, өйткені балық аулау қиын болған сайын, балық аулау процесі қызықты. Бірақ адамдардың көбі балық аулауға шыққанда қауіп-қатер жайлы ойланбайды. Сол себепті балық аулаумен айналысатындар қарапайым қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап, мұқият болуы тиіс. Жыл сайынғы құтқарушылардың ескертулері де, ондаған балықшылардың суға кеткен қайғылы статистика да жасқандырмайды.

Күз мезгілінде балық аулау кезіндегі қауіптілігі екі есе. Ауа райының салқындылығына байланысты әуесқой балықшылар өздерімен бірге жиі спирттік ішімдіктерді алып жүреді, ішеді, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, балықшылар синоптиктердің болжамдарын ескермейді, дауылды ауа-райында жүзу құралдарымен балық аулауға шығады, тексерілмеген, ақаулы жүзу құралдарын қолданады. Сондай-ақ, біздің облыстың өзендері мен көлдері күзде мұзбен жабыла бастағанын ұмытпаған жөн. Бірінші мұз өте қауіпті. Бірінші мұзға шығуға асығудың қажеті жоқ, ол тек мықты болып көрінеді,ал шын мәнінде ол жұқа, әлсіз және ересек адамның ғана емес, баланың да ауырлығына шыдамайды.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың облыс су айдындарындағы қазасына жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

Айбар Қалиев,

БҚО ТЖ Департаментінің

АҚ бөлімінің офицері,

аға лейтенант