Қауіпсіздік шаралары

Қауіпсіздік шаралары

Қауіпсіздік шаралары

 

Жылыту кезеңінің басынан тұрмыстық өрттер тұрақты өсуде. Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бірлесіп, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Рейд барысында бір апта ішінде азық-түлік дүкендерін аралап, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертті.

Ішімдік және темекі өнімдеріне жапсырмалар жапсырылды, олар қысқа мәтіндерде: «Закурил - не усни! Покурил - затуши!», «Ал сен үтікті өшірдің бе?», «А ваш ребенок под присмотром?», «Ішімдік пен темекі шегу – өрт туындатады!».

Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.

- желі кернеуіндегі ауытқулар салдарынан электр құралдарының жануын болдырмау үшін желілік фильтрлерді қолданыңыз;

- тоңазытқыштың артқы жағынан шаңды алыңыз;

- электрмен жылыту құрылғыларын жанбайтын заттардың үстіне қойыңы;

- үйден шыққан кезде электр құралдарын өшіріңіз.

Электр құралы жанса не істеу керек???

  • 101 немесе 112 телефоны хабарласыңыз;
  • розеткадан шнурды суырыңыз немесе пәтерді қуат көзінен ажыратыңыз.

 

  • зарядтағыштарды розеткада қалдыруға;
  • ақаулы электр құралдарын пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ..

Орал қаласы ТЖБ