
Орал қаласында құтқарушылар 1988 жылғы азаматшаны құтқарып қалды
Құтқарушылардың жедел жұмысы адам өмірін құтқару сәтінде соңғы үміті боп жатады, бұған куә Орал қаласында БҚО ТЖД ЖҚЖ жедел әрекеті болып табылады.
2020 жылдың 27 қазан күні 14 сағат 30 минутта БҚО ТЖД кризистік орталық басқармасына 1988 ж. туылған азаматша 4 қабаттан секіріп, суицид жасамақшы болғаны жөнінде хабар келіп түсті, кейін анықталғандай ол психологиялық ауруханада есепте тұрған болып шықты. Оқиға орнына жедел жеткендер: ЖҚЖ 11 қызметкері, 2 бірлік техника, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ 5 қызметкері, 2 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері мен 1 бірлік техника.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар азаматша құлап, жарақат алмас үшін алдын ала терезе алдына шатыр жайды, ал келесі құтқарушы 5-ші қабаттың терезесінен түсіп, 15 сағат 22 минутта азаматшаны пәтер ішіне аман-есен кіргізіп, суицидтің алдын алды, сол жерде оған ЖҚЖ мен АМО құтқарушылары психологиялық көмек көрсетті.
Осы ретте атап өтер бір жайт, мұндай оқиғалар қаламызда бірінші рет орын алып отырған жоқ, құтқарушылардың жедел әрі кәсіби жұмысының арқасында жыл сайын ондаған адамның өмірі құтқарылып, дер кезінде тиісті көмек алып жатады. Өмір – қамшының сабындай қысқа екенін ескере келе, құтқарушылар қаламыздың тұрғындарын өмірді бағалауға, жақындарыңыз бен туыстарыңызға әрдайым жанашыр болуға шақырады!
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі