
Жедел-профилактикалық рейдтік іс-шаралар
Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп, көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу іс-шарасын өткізді. Рейд барысында өртке және басқа да төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін кейбір ескертулер табылды. Осыған байланысты Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы төмендегідей кеңестерді сақтауды сұрайды:
-- отын багының аузы ашық тұрғанда, сондай-ақ отын багы, отын құбыры және карбюратордан сұйықтық аққан кезде көлік құралын қалдырмаңыз;
- көлік құралына жанар-жағармай материалдарын құюға, сондай-ақ оларды кәрізге немесе іргелес аумаққа төгуге болмайды;
- көлік құралдары газбен қоректендіру жүйесінің техникалық ақауы бар жабық үй-жайда қоюға болмайды;
- ашық отты қолдану арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізбеңіз;
- автокөлікті, бөлшектерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен бояуға, жууға болмайды.