
БҚО ТЖД қызметкерлері білім басқармасы базасында интерактивті сабақ өткізді
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің медиа-жоспарына сәйкес 2020 жылғы 26 қазанда Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері аға лейтенант А.Қалиев, Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі
Ш. Гинаятов және Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы Ә. Жасұланның қатысуымен БҚО білім басқармасының базасында интерактивті сабақ өткізілді, оған қалалар мен аудандардан 1654 адамды қамтитын 27 мектеп қатысты.
Интерактивті сабақтың негізгі мақсаты халықты «Баршаның назарына!» дабылы бойынша жедел әрекет ете білуге үйрету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу ережелерімен танысу боп табылады.
Сонымен қатар, аға лейтенант А.Қалиев аудиторияға осы тақырып бойынша бейнероликтерді көрсетті. Курсант Ә.Жасұлан институт өмірі, атап айтқанда, курсанттың күн тәртібі туралы қосымша жеткізді.
Іс-шара соңында дәріске қатысушылар азаматтық қорғау подполковнигі Ш. Гинаятовқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
БҚО ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері
аға лейтенант А. Калиев