
Сіріңке – бір өмірдің құны
Облыс аумағында «Сіріңке – бір өмірдің құны» айлығы өтуде. Аталған айлық шеңберінде БҚО ТЖД Теректі ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері аудандық оқу орындарымен бекітілген кестеге сәйкес оқушылардың өрт қауіпсіздігі саласында білімін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ZOOM онлайн платформасы арқылы Федоровка қазақ орта жалпы білім беретін мектебі оқушыларымен онлайн-сабақтар өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға отпен абай болу, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау, электр құрылғылары және газ қондырғыларының өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтау жөнінде айтылды.