«БҚО объектілеріндегі аварияға қарсы жаттығу»

«БҚО объектілеріндегі аварияға қарсы жаттығу»

«БҚО объектілеріндегі аварияға қарсы жаттығу»

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалы төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында "BKKS LPG RETAIL" ЖШС объектісінде аварияға қарсы жаттығу өткізді.

Жаттығу жоспары бойынша Орал қаласы Шолохов көшесі 11/8 мекенжайы бойынша орналасқан №13 АГҚС объектісінде моноблоктың ернемек қосылыстарының герметизациялануы орын алды және объектіде жарылыс қаупі бар жағдай туындады.

№13 АГҚС қызметкерлерінен 36 ӨСАҚБ байланыс пунктіне хабарлама келіп түскен соң,  шақырту орнына кезекші ауысым құрамында 6 адамнан тұратын АЦ-40 автокөлігі және филиалдың медицина қызметкерлері бригадасы бар реанимобиль дереу шықты. Кезекші ауысым келген соң барлау жүргізілді және қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.  Жауынгерлік қанат жаю жүргізіліп, резервуарлық паркті қорғау үшін бір "Б" оқпан және сұйытылған газды шығару қондырғысына көбігі бар екінші оқпан берілді.

Кезекші - диспетчерлік қызметтер арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру мақсатында, БҚО ТЖД ӨС ж/е АҚЖҚ (101), БҚО ПД (102), медициналық (103) және газ қызметінің (104) жедел қызметтерін құлақтандыру іске асырылды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін сабақтарға талдау жүргізіліп, қызметкерлермен объектіде болған жекелеген жедел-тактикалық өзгерістер зерделенді.