радио

радио

2020 жылдың 19 қазан күні  «Құтқарушылар күніне» орай қаламыздағы «Ақсай радиосына» сұхбат беруге Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Давлетов Б.С және Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты Орынғали Т.А. қонаққа шақырылды.

Сұхбат барысында осы мерекеге қатысы бар барлық адамдар құттықталды, сонымен қатар қонақтардан Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіне қатысты тыңдаушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алынды.

Сонымен қатар, Ақсай радиосының тыңдаушыларына Бөрлі ауданындағы 2019 жылғы және 2020 жылдың 3 тоқсанындағы төтенше жағдайлардың жалпы көрсеткіштері жеткізіліп, төтенше жағдайлардың, оның ішінде өрттің пайда болуының негізгі себептері түсіндіріліп, құтқарушының күнделікті өмірінен қызықты оқиғалар айтылды. Курсант Т.А. Орынғали өз кезегінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтына  түсуінің негізгі талаптарын, сонымен қатар курсанттардың күнделікті өмірін, режимін және ТЖМ курсантының өмірін басқа курсанттар мен студенттерден ажырататын барлық ерекшеліктерді қысқаша түсіндірді.