
Азаматтық қорғау органына-25 жылдығын мерекелеу құрметіне орай және ауданның азаматтық қорғау қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, олардың дене даярлығының деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен Ақсай қаласында азаматтық қорғау қызметкерлері мен ардагерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Жүлдеге 65 адам күресті. Жарысқа қатысушылар спорттың үш түрі бойынша: үстел теннисі, волейбол және арқан тартудан жарысты. Сол күні жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, азаматтық қорғау қызметкерлері мен ардагерлеріне дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталды