5-қабатты үйде өрт шықты

5-қабатты үйде өрт шықты

2020 жылғы 18 қазанда сағат 15.05-те Орал қаласы Аманжолов көшесі 162,      5 қабатты тұрғын үйдің 28-пәтерінде жалпы 6 шаршы метрде жеке заттар және диван жанған. 5 қабатты үйдің баспалдағынан 25 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өрт 15.23-те оқшауланып, 15.46-да толықтай жойылды.

 

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге саламыз! Үйдегі электр сымдары және розеткаларды қараңыздар, электр тұрмыстық құралдарды, электр жылытқыштары мен жанулы пештерді бақылаусыз қалдырмаңыздар!