
Спорт - денсаулық кепілі
Батыс Қазақстан облысының "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында филиал қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында үстел теннисі мен шахмат бойынша жарыстар өткізілді.
Жүйелі түрде спортпен айналысу, филиал қызметкерлерінің кәсіби қызметі үшін өте маңызды. Спорт Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқару кезінде өрт сөндірушілерге қажетті жанқиярлық, кәсіпқойлық және шыдамдылық сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастырады.
15 қазан күні үстел теннисі спорт орталығында филиал қызметкерлері арасында жарыс өткізілді. Жарыс жеке біріншілікте өтті. Қиын күресте турнир жеңімпазы Хабайдулин Мирлан атанды, екінші орын Абусихов Алмаз алды, үшінші орынды лайықты түрде жеңіп Купенов Медет алды.
Шахмат ойнау ойлау жылдамдығын дамытады және өрт сөндірушілерге Төтенше жағдайларды жою кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Шахматтан жеке біріншілікте үздік нәтижелерді Тулегенов Рахымжан көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары салтанатты түрде спорт түрлері бойынша дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.