Произошел пожар в частном жилом доме

Произошел пожар в частном жилом доме

Жеке тұрғын үйде өрт шықты

 

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге саламыз! Үйдегі электр сымдары және розеткаларды қараңыздар, электр тұрмыстық құралдарды, электр жылытқыштары мен жанулы пештерді бақылаусыз қалдырмаңыздар!

2020 жылы 12 қазан күні 08 сағат 47 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал қ.) ММ» күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына  Орал қаласы Оразбаев 49 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қызметтің № 1 МӨСБ өрт сөндірушілері барлау жұмыстарын жүргізу барысында 160 ш.м. құрайтын аумақта жеке тұрғын үйдің мансарды мен гаражы жанып жатқанын анықтады, осыған байланысты көмекке Қызметтің № 2 МӨСБ және № 8 ӨСБ қосымша техникасы шақырылды. 09 сағат 55 минутта өрт ошағы оқшауланып, 11 сағат 35 минутта толығымен жойылды.

Бұл өртте зардап шеккендер жоқ.