
Жаңақала ауданында
«Сіріңке - бір өмірдің құны» айлығы өткізілуде
Жаңақала ауданында «Сіріңке - бір өмірдің құны» айлығын өткізу барысында, БҚО ТЖД Жаңақала ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан орталығында орналасқан «Жеткіншек», «Балбөбек», «Жауқазын» балабақшаларында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Балабақша балаларына өрт қауіпсіздігі бойынша викторина және ойындар ретіндегі сабақтар өткізілді. Сабақ барысында балаларға өрттің алдын алу, өрт кезінде не істеу керек, күнделікті электр аспаптарын қолдану тәртібі қарастырылып, сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі туралы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, балабақша қызметкерлерімен, әсіресе, өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкермен, балабақша әдіскерімен нұсқаулық жүргізіліп, балабақшада өрт қауіпсіздігі жаттығуларын жиі өткізуді ұсыныс етті.
Жаңақала ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Е. Мамаев