
КҮЗГІ УАҚЫТТАҒЫ ДЕМАЛЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БРИФИНГІ ӨТТІ
2020 жылғы 7 қазанда БҚО ТЖД Департаментінің дағдарыс орталығында «күзгі уақыттағы демалыстағы қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті, спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Қ. Ахметжанов сөз сөйледі.
Табиғатта демалу кезінде қараусыз қалған балалар үлкен қауіп төндіреді. Өткен аптада қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды. Демалыс кезінде қараусыз қалған балалар көлікке отырып, құрылғыны бейтарап жылдамдыққа ауыстырған. Соның салдарынан көлік суға түсіп кеткен.
Күзгі мезгілде суда балық аулау – қызықты әрі қауіпке толы істің бірі. Әдетте, бос уақыттарында осы іспен айналысуды ұнататындар жыл мезгіліне қарай жылы киімдер мен ауыр резеңкеленген комбинезондар киеді.
Балықшылар, әдетте, су айдындарына қайықпен шығады да, құтқару құралдарын алмай шығады. Кез-келген абайсыз қозғалыс (зәкірді түсіру немесе көтеру, балық торларын орнату және т.б.) тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі ықтимал, сол кезде адам бірден суық суға құлап, құтқару кеудешесін кимеген болса, су астына кетуі әбден мүмкін.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында 3 балықшы суға кетті. 2019 жылдың осы кезеңінде 8 балықшы, 2018 жылы 3 балықшы суға батты.
Келесі ақпараттарды назарға алғандарыңыз жөн: су қоймасында тек техникалық жарамды жүзу құралында жүзіп, оған артық салмақ жүктемеу, сондай-ақ құтқару кеудешесінде жүзу керек. Балық аулау немесе аң аулау кезінде кенеттен қозғалмаңыз, егер қайығыңыз резеңке қайық болса, тесілмеуін немесе кесілмеуін қадағалаңыз. Судағы көптеген қайғылы оқиғалар ішімдік ішкен кезде орын алып жатады, сондықтан алкоголді сусындардан бас тартқан жөн.
Тіпті жағалауда болсаңыз да, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанған жөн. Тік және тайғақ сазды өзен жағасында тұрып қармақ лақтырған кездегі абайсыз кенеттен қозғалу да қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Облыстағы су айдындарында адам қазасына жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды балық аулауда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
1) дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз қозғалуға болады.
2) қайықтан балық аулау кезінде жүзе білу өте маңызды, бұл дағды сізге өзіңізді және досыңызды құтқаруға көмектеседі.
3) жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін балықты жағадан алыс кетпей аулаған дұрыс.
4) егер сіз жағадан алыс жерде балық аулағыңыз келсе, онда бортты құтқару және сигнализация құралдарымен жабдықтаңыз.
5) балық аулауға кетер алдында баратын жеріңіз туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызды міндетті түрде хабардар етіп, сондай-ақ балық аулаудан қайтатын уақытты нақтылаңыз.
Су қоймасына қайықпен балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріңіз, оның тесігі жоқтығына, ескектерінің жарамдылығына көз жеткізіңіз.
Кез келген төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112» телефонына қоңырау шалу қажет.