Жәнібек ауданында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік туралы

Жәнібек ауданында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік туралы

Жәнібек ауданында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік туралы

 

Республикадағы өрттердің статистикасы олардың негізгі бөлігі өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу себебінен болатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, өрттер мен олардан келетін залалдың теріс үрдісі адамдар көп жиналатын объектілерде байқалады.

Жыл сайын облыс аумағында 600-700 өрт оқиғалары орын алады. Осы өрттердің салдарын, сондай-ақ олардың даму динамикасын зерттеу көптеген жағдайларда жанудың үлкен аудандарға таралуына үлкен жанғыш жүктеме, өрт сөндіру құралдарын пайдалана алмау, өрт анықталған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын білмеу ықпал ететіндігін көрсетеді, бұл өз кезегінде оттың үлкен аумақтарға еркін таралуына ықпал етеді және өрт туындаған кезде объектілердің персоналы өрт ошақтарын өз күштерімен сөндіру жөніндегі іс-шараларды орындауға қабілетсіз болады деп болжауға толық негіз береді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік пен микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге тыйым салынды. Бұл мораторийдің шағын (оның ішінде микрокәсіпкерлік) бизнесті қолдауға бағытталғанын атап өту қажет. Алайда, жекелеген меншік иелері осы мән-жайды және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган тарапынан бақылау іс-шараларын жүргізудің мүмкін еместігін пайдалана отырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытып кетеді. Көрсетілген жағдайларда, өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау орын алған өрт кезінде адам өлімінің көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағындағы және шекаралас мемлекеттердің соңғы жылдардағы өрт қауіпсіздігін сақтамау және оған немқұрайлы қарау салдарынан орын алған өлім оқиғалары осыған дәлел.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға міндетті.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкрелері аудан аумағындағы кәсіпкерлерді аралап, олардың арасында түсінік жұмыстар жүргізіп, жадынамалар таратуда. Жоғарыда аталған шарада, кәсіпкерлерге ұсынылған іс-қимылдар талап болып табылмайды, тек ақпараттық және ұсыныс сипатқа ие.