Қысқа дайындық және өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда

Қысқа дайындық және өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда

Қысқа дайындық және өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда

 

Ағымдағы жылдың күз мезгілі басталғаннан бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында қыс мезгіліне дайындық басталды. Осы науқанда Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 21 ӨСБ қызметкрелері және учаскелік полиция қызметкрелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халық арасында жаднамалар таратып, әнгімелесу жүргізуде.

Осы шараларды орындау барысында қызметкерлер аудан аумағындағы ауылдық округтерге шығып қыс кезінде тұрғын үй секторында  өрт оқиғаларын алдын алу және адамдардың тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттану оқиғаларының алдын алу шараларын өткізуде. Қызметкерлер, тұрғын үйлерді аралап жергілікті тұрғындар арасында жаднамалар таратып, ауылдық округтер аумағындағы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде, олар: аудан аумағында тұрғый үй секторындағы өрт қауіпсіздігін сақтауға  үгіттеу, 2020-21 жылдардың қыс мезгілінде, жылу беру маусымы кезінде адамдардың өрттен және тұншықтырғыш газдан қаза болуына мен жарақаттануына жол бермеу, тұрғын үй секторында өрт оқиғалардың алдын алу және т.б.

Осы шараларда аудан аумағындағы әлеуметтік тұрғыда осал жанұяларға, жалғызбасты кәриялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға аса назар аударып олармен жеке сөйлесіп, жаднамалар таратылып, түсінік жұмыстар жүргізілуде және аталған азаматтарға көмек көрсететін  әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері арасында түсінік шаралар атқарылуда.