
Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылған пункттің негізгі мақсаты — шалғай елді мекендер халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Нұртазиев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Өрт сөндіру пункті 700-ден астам тұрғыны бар тағы екі елді мекенге қызмет көрсетеді.
«Өрт сөндіру пункті жергілікті тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға, өртке жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Ж.Жаншин.
Ғимарат өрт сөндірушілер үшін қажетті жабдықтармен жарақталып, арнайы өрт сөндіру техникасының кілті табыс етілді.