
#ТЖМ #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 28 қыркүйек күні 09 сағат 25 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ жедел-құтқару жасағына Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы Жайық өзенінен пароммен өту кезінде Ваз автокөлігінің тежегіші істен шығып, суға түсіп кеткені жөнінде хабар келіп түсті. Оқиғаны анықтау кезінде автокөліктің иесі оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды. Автокөліктен 12 сағат 15 минутта ер адамның денесі шығарылып, полиция қызметкерлеріне табысталды. Оқиға орнында Қызметтің жедел-құтқару жасағының 1 техникасы және 4 құтқарушы жұмыс атқарды.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ