
Қарапайым ережелерді сақтау қажет!
Жылу беру маусымы басталып үлгермей жатып, тұрғын үй секторында орын алатын оқиғалардың статистикасы ашылды.
27 қыркүйек күні сағат 08.18-де облыстық ТЖ департаментіне Жазира көшесі, 123 үй мекенжайы бойынша орналасқан облыс орталығының жеке үйлерінің бірінде табиғи газбен уланып, 2 ересек пен 1 бала ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді
Уланудың себебі - газ жабдығын пайдалану қағидаларын бұзу (пештің құбырын күйеден тазалау жұмыстары жүргізілмеген).
Ағымдағы жылғы 18 қыркүйекте Департамент қызметкерлері көрсетілген мекенжайда жылыту кезеңінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ұсынымдар бере отырып, нұсқама өткізіп кеткен.
Құрметті облыс тұрғындары төтенше жағдайлар департаменті мұндай қайғылы ақпараттардың кейіпкері болмау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді, өйткені табиғи және улы газбен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылыту құрылғыларына немқұрайлы қарауымен байланысты.
Қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- газ тәріздес немесе қатты отынмен жылытылатын үйлердегі пештерді үнемі тексеріп, жөндеңіз;
- пештердің мұржаларын жиналып қалған күйеден тұрақты тазалап тұрыңыз;
- жеткілікті білім мен дағдысыз жылыту қазандары мен пештерін өз бетінше орнатпаңыз;
- үй-жайды жылыту үшін газ плита мен үрмелі шкафты пайдаланбаңыз.
- балаларды пеш жағуға жол бермеңіз.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды құтқарасыз.
БҚО ТЖД ЗҚҚААҚСББ