Онлайн-брифинг

Онлайн-брифинг

Онлайн-брифинг

2020 жылдың 25 қыркүйегінде  Теректі ауданының ТЖ бөлімі бас маманы азаматтық қорғау майоры З. Мурзагалиева  Теректі аудандық Ішкі саясат бөлімі маманының  қатысуымен  «2020 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы» және «2020-2021 жж. жылыту кезеңіне дайындық барысы туралы» тақырыбында  Instagram әлеуметтік желісінің terekti_kz парақшасында тікелей эфирде онлайн-брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аталған тақырыптар бойынша ТЖ бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі және ережелерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы қосымша ескертілді.