
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері а/қ капитаны Б. Нығметжановпен мектеп оқушыларының төтенше жағдай кезінде әрекеттерін үйрету мақсатында Федоровка а. жалпы орта білім беру мектептерінде «Өрттердің негізгі себептері және қауіпсіздік шаралары» тақырыбында онлайн-сабақ ұйымдастырылып өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға өрттердің пайда болу себептері және олардың алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері түсіндірілді.