Профилактикалық жұмыс

Профилактикалық жұмыс

Сырым ауданының ТЖБ ескертеді

 Жылыту маусымының басталысымен тұрғындардың қатты, сұйық және газ отынын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен газға улану немесе өрт шығу себебінен төтенше жағдайлар орын алады.  

Улы газбен уланудың негізгі себептері: пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы (пеш қалқанын жабу, отын салу жеріне жеткіліксіз ауа келу, түтін тартымы шамалы), пеш және түтін шығу орынның ақауы (пештің құрылысында жарықшалар пайда болу, түтін шығу орны жабық) және жылыту жүйесіне уақытылы тексеріс жүргізілбеу, салғырт қарау.

Улы газ түсі мен иістің жоқтығынан аса қауіпті. Уланудың симптомдарын анықтау қиын. Бір ғимаратта болған барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы улы газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді.  

Көміртегі тотығының көп емес шоғырлану кезінде уланудың алғашқы белгілерінің байқалуы мүмкін: жас ағу, бас ауру және бас айналу, әлсіздік және жүрек айну, құрғақ жөтел, көру және есту елестерінің болуы. Улану симптомдарын сезгеннен кейін үйден жедел сыртқа шығу керек.

Улы газбен улану, газ шығару жүйесінің ақауы бар автомобильде ұзақ уақыт болған кезінде де болуы мүмкін.

Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу керек. Кейін стационарда аппаратпен жасанды  тыныс алу өткізіледі, ағзаның зардап шеккен жүйелердің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдар қолданылады.

Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығарып бақылауда ұстау қажет.

Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, егер Сіз газдың өткір иісін сезінсеңіз, шүмекті жауып, үйді желдетіңіз, апат қызметін шақырыңыз. Еш жағдайда от жақпаңыз, ешқандай электр құралдарын қоспаңыз. Есте сақтаңыз, газ шыққан жерде тек сабын көбігінің арқылы анықтауға болады.

Құрметті тұрғындар, әр түрлі отындармен жылыту жүйесін  пайдалану кезінде қауіпсіздігі ережерін сақтау қажеттігін қайталай еске саламыз.