Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері осы мамандыққа өзінің өмірінің үлкен бөлігін арнап қызмет істейді. Жастайынан келген олар жыл сайын өз білімі мен шеберлігін жетілдіруімен, шынайы және адалдықпен еңбек етуде. Қазіргі уақытта әсіресе кәсіпқойлық бағаланады. Сондықтан да біз өз ісінің шебері бірі азаматтық қорғау старшинасы Александр Александрович Гульчин туралы сөз етпекбіз.

Александр Александрович азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдан бастап, қазіргі уақытта № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі лауазымында қызмет атқарады. Өзінің еңбек жолын «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Батыс Қазақстан филиалында бастаған сәттен, өз ісінің нағыз кәсіпқойы болатына нық сенімде болды. Өрт сөндіру бөліміне қызметке келу шешіміне үлкен септігін осы қызметте жұмыс істеп жатқан Александр Александровичтің әкесі әсер етті.

Өмірінің көп бөлігін қызмет еткен және көп ынта-жігерін салған А.А. Гульчин жинаған тәжірибесі мен дағдыларын жас қызметкерлеріне беру шешті. Қызметтен бос уақыт кезінде азаматтық қорғау старшинасы А.А. Гульчин бар қызығушылық өрт сөндіру бөліміндегі автокөлік пен техниканы жөндеумен айналысады. Бұл қызығушылық оқу кезінен басталған. А.А. Гульчин батыс Қазақстан Аграрлық университетінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын бітіріп, Қарулы күшетр қатарындағы қызметін жүргізуші лауазыымында жалғастырды.

Өрт сөндіру бөлімінің қазіргі жас ұрпағы А.А. Гульчиннің қызметтегі барлық шеберлікке үлкен ниетпен үйреніп жатады. Себебі оларға беріп жатқан тәжірибе еш кітап пен энциклопедияда таба алмайсын.

Азаматтық қорғау старшинасы А.А.Гульчиннің білімдігі мен ынтасының арқасында № 6 өрт сөндіру бөлімі ағымдағы жылда « Үздік Автомобильдің жөндеу» байқауында 1 орынға ие болды.

Аға буыннан алған тәжірибе біз жастарға еш риясыз және оңай берілетін еш нәрсемен салыстыруға болмайтынын тағы да түсінесін. Мұқият байқау, оқу және қабылдай білу бас ережесі. Оның қазіргі жас қызметкерлер, кейінгі өз існінің шеберлері әрқашан есте сақтап жүру керек!

БҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Кадр саясаты бөлімінің инспекторы

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Асель Нурбулатовна Айбулатова