
Автокөліктегі өрт - өте қауіпті. Машина кенеттен тұтанады, көбінесе қозғалыс кезінде және бірінші минутта еш шара қолданбаса, ол әдетте бірнеше минут ішінде толығымен жанып кетеді. Сондықтан автокөлік жанған кезде жүргізуші өз күші мен мүмкіндіктеріне сенім артып, мүмкін болатын өртке дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, отандық автокөліктер ғана емес, сенімді деп есептелетін шетелдік көліктер де жанады, бұл көбінесе көлік иесінің көз алдында орын алады. Машинадан артына үлкен материалдық шығын қалдырып қана қоймай адамдардың өмірін жалмаған әрдайым дерлік қарайған темір қаңқасы мен қозғалтқышы ғана қалады.
Қайғылы статистиканы талдау қалыпты жағдайда өрт себептерінің: автокөлік құрал-жабдықтарының істен шығуынан найзағайдың түсуіне дейінгі сирек мүмкіндіктердің жеткілікті екенін көрсетеді. Жанудың ең көп тараған себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы және мотор бөлігіндегі электр жабдықтарының ақаулығы болып табылады. Әсіресе, нашар оқшауланған сымдар арасында сырғанайтын ұшқындар қауіпті.
Сондықтан автокөліктің салонында өрт сөндіргіш ұстау талабы - өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне, жол полициясы инспекторларына орынсыз талап емес, қайта қажетті қауіпсіздік шарасы. Әрбір автокөлікте ұнтақты немесе көмірқышқылды өрт сөндіргіш болуы тиіс.
Өртті болдырмау үшін: техникалық тексерістен уақытылы өту, магнитолды, сигнализацияны, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек мамандандырылған орталықтарда орнату, егер газ жабдығы орнатылған болса, онда мерзімді түрде мамандандырылған шеберханада техникалық бақылаудан өту керек, ал газдың иісі пайда болған жағдайда дереу маманға жүгіну қажет.
Құрметті жүргізушілер! Өртті сөндіргеннен оның алдын алған қашан да оңай, сондықтан өзіңіздің «темір досыңыздың» техникалық жағдайын бақылауда ұстаңыз, абай болыңыз және істі өртке жеткізбеңіз.
Бәйтерек ауданы ТЖБ