«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 27 наурыздағы мәліметі бойынша:
28 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 28 наурызда көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.