04.01. 22 жыл 18 сағат 35 минуттан бастап "Қазавтожол" ЖШС БҚОФ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (төменгі боран) Республикалық маңызы бар "Атырау-Орал" (Орал қаласы – Атырау облысының шекарасы 492-189 км), "Самара-Шымкент" (195-526 км РФ шекарасы - Ақтөбе облысының шекарасы), "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" (3-144 км Подстепное кенті – РФ шекарасы) автожол учаскелерінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.