Меню

Страницы

Статья

Профилактикалық жұмыс

Орал қаласының аумағында температураның көтерілуіне байланысты өрт қауіпті кезең сәл ертерек басталады. Бұл күндері құрғақ шөптер мен қоқыстардың өртенуіне байланысты өрттер саны күрт артып келеді. Өрттердің басым бөлігі бау-бақша учаскелерін, аулаларды жинау, соның ішінде қоқыс, шөп жағу, от жағу және шылым шегу кезінде абайсызда өртену салдарынан болады. Айта кетейік, 2020 жылы қала аумағында ашық аумақтарда 593 құрғақ шөп пен қоқыс жанған, биыл жыл басынан бері 22.

2019 жылы отты абайсыз қолдану салдарынан құрғақ шөп өртеніп, қатты желдің әсерінен өрт орман алқабына өтті. Саяжай қоғамдарында (Жайық, 1 және 2) шөп пен орман өртенді, Желаев, Айтиев және Озерный кенттерінің маңында дала өрттері тұтанды. Бірнеше күн бойы Орал қаласының маңы түтінмен жабылды.

Өрттің туындау қаупін азайту үшін тұрғындар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы қажет. Орал қаласының ТЖ басқармасы орман және дала алқаптарында рұқсатсыз өртеу, орылған жерді өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынына назар аударады.

Орал қаласының ТЖБ жеке тұрғын үйлер, саяжайлар аумағын тазалау кезінде абай болу керектігін ескертеді:

- қоқысты арнайы бөлінген орынға апарыңыз;

- егер өртеусіз істеу мүмкін болмаса, өртті болдырмайтындай алаңды таңдаңыз, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық кемінде 10 м, орман алқабынан – 20 метр, шөп немесе сабан жиналатын орындардан 30 метр болуы тиіс. Қалдықтарды тек желсіз ауа райында жағуға болады, жалынды үнемі бақылау керек, ешбір жағдайда қараусыз қалдыруға болмайды;

- өрт сөндіргіш, су ыдысы, күрек туралы ұмытпаңыз;

- құрғақ өсімдіктерді, өсімдік қалдықтарын, шөптерді жағуға қатаң тыйым салынады.

Тағы бір көктемгі "проблема" - бұл табиғатта демалуды ұнататындар. Далаға шығар алдында халық көрікті орындарды таңдайды. Бірақ кетіп бара жатып, адамдар қоқысты, сынған әйнектерді, пластикалық бөтелкелерді қалдырады. Олар отты сөндіруді ұмытып, темекі қалдықтарын тастап кетеді. Ал желдің екпінімен от алыс қашықтықтарға таралып, өз жолында барлығын өртейді.

Ашық демалу шынымен қауіпсіз болуы үшін:

- демалысты өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырыңыз және олардың ересектердің де, балалардың да мүлтіксіз орындалуымен қамтамасыз етіңіз;

- мангал кемінде 4 метр қашықтықта орнатылады. Отты тұтандыру кезінде ешқандай жағдайда жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

- демалыс орындарында сөндірілмеген отты, сіріңке, темекі тұқылдарын, шыны бөтелкелерді қалдырмаңыз (күннің көзінде олар үлкейткіш шыны сияқты жұмыс істейді, күн сәулесін шоғырландырып шөпті, мүкті және т. б. өртейді).)

- жанып жатқан шөптің жанынан өтпеңіз, өртті өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаған жағдайда, өрт туралы ТЖМ кезекші қызметіне «101,112»телефоны бойынша хабарлаңыз.

Отпен абай болыңыз! Сіздің қауіпсіздігіңіз сізге байланысты.

 

Орал қаласы Төтенше

жағдайлар басқармасы

Дата публикации
16 апреля 2021
Дата обновления
16 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 ноября 2023
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Пайдалы ақпарат
09 ноября 2023
Улы газ өте қауіпті!!!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы