Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің лауазымдық нұсқаулықтары

   

                         

                        БЕКІТЕМІН

   Батыс Қазақстан облысы

             Төтенше жағдайлар

    департаментінің бастығы

                       генерал-майор

 _____________Ж. Жұмашев

2021 жылғы «___»________

 

 

Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі бастығының

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі бастығы (бұдан әрі-бөлімшесінің бастығы) біліктілік талаптарға сай келген кезде, лауазымдар тізбесіне сайкес Департаменттің бастығымен тағайындалады.
  2. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің бастығы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (одан әрі – Батыс Қазақстан  облысы ТЖД) бастығына және оның орынбасарларына тікелей бағынады.
  3. Бөлімше бастығы Бөлімше қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлімше бастығы уақытша болмаған жағдайда оның лауазымдық міндеттері осы лауазым бойынша ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің аға инженеріне жүктеледі.
  5. Ақпараттық-аналитикалық  бөлімшесінің бастығы лауазымына біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлға тағайындалады.
  6. Бөлімше  бастығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бастығының  құқықтары

 

  1. Ақпараттық - аналитикалық  бөлімшесі  бастығына орындау үшін мынадай  құқықтар беріледі:

Департаменттің жедел кеңесінде, департамент аппараттық кеңесінде Бөлімше құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы ұсыныстар енгізу;

оның құзіретіне және  бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестеріне  қатысу;

Департамент қарамағындағы бағынысты бөлімшелердің және мемлекеттік мекемелердің жұмыстарының жай-күйіне  тақырыптық тексеруді, кешенді тексеруді  жүзеге асыру;

бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, семинарлар-кеңестеріне,  дөңгелек үстелдерге қатысу;

бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент қарамағындағы құрылымдық бағынысты бөлімшелердің бастықтарының және

мемлекеттік мекемелердің басшыларының Департамент басшылығындағы

тыңдауына қатысу және ұсыныстар енгізу;

Департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен, Департаменттің  бағынысты құрылымдық бөлімшелерінен мемлекеттік мекемелерден  өз құзіреті шеңберінде белгіленген көлемде ақпарат сұрату және алу;

өз құзыреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

Департамент қарамағына кіретін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде және мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін  ақпараттық-аналитикалық жұмысты үйлестіру;

лауазымдық нұсқаулығы бойынша қаралатын мәселелер барысында ведомстволық бағынысты мекемелерге тапсырмалар мен міндеттемелер беру;

         өз құзыреті шегінде, өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын тарту; 

бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құзыреттерін бөлу;

          бөлімшенің барлық қызметтеріне міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқаулар беру;

Департамент бастығына бөлім қызметкерлерін көтермелеу және ерекше көзге түскен бөлім қызметкерлерін марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;

Департамент бастығына бөлім қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс беру.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бастығының міндеттері

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің бастығына мынадай міндеттер жүктеледі:

8.1.мыналарды жүзеге асыру:

өзіне сеніп тапсырылған бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу, мониторинг жүргізу және қалыптастыру;

Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеуге ұсыныстар енгізу;

Департаменттің жұмыс жоспарларын жүзеге асыру;

мемлекеттік органдардың және Министрліктің сұраныстарына, тапсырмаларына сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың  жедел және есептілік бөлімшесінің қарамындағы шолу - аналитикалық ақпараттарды дайындау;

орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар пен мәліметтерді алу үшін Департамент сұраныстарын дайындау;

ТЖД құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволармен, жергілікті атқарушы органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен ақпараттық-талдау жұмысының  нәтижелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің жедел-қызметтік іс-әрекетін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысу;

Департаменттің құзыреті шегінде алқалардың, жедел кеңестердің, комиссиялардың, семинарлардың, конференциялардың отырыстарына және басқа да іс-шараларға ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;

ақпараттық-аналитикалық қызметі мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелер бастықтарын тыңдауға қатысу;

ТЖ  алдын алу, салдарын жою, болжамдау, мониторинг жүргізу саласында аналитикалық жұмыстың басым бағыттарын қалыптастыру;

төтенше  жағдайларды салалық тұрғыда талдау;

қызмет тиімділігіне азаматтық қорғауды жақсарту мен дамыту бойынша  талдау (Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері);

         Департамент бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдарды және өзге де мемлекеттік органдарды азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру жұмысын үйлестіру;

ТЖМ және ТЖД қаулылары, тапсырмалары, өкімдері мен бұйрықтарының орындалуын бақылау;

        желілік және желіаралық сипаттағы аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша тақырыптарды қосып, ведомстволық жоспарлардағы «Ақпараттық-аналитикалық қызмет» бөлімдерін жыл сайын оңтайлы қалыптастыруды қамтамасыз ету;

Бөлімше құзіреті шеңберінде Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік актілердің жобаларын  дайындаған кезде  бөлімше бойынша ұсыныстар дайындау;

        басқаруындағы бөлімше қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін жүргізу.

 8.2. Ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтайды;

          8.3.Сыбайлас жемқорлық анық болған жағдайда Департамент басшылығына баяндауға міндетті.

8.4. Азаптаулар мен басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаудың басқа да түрлерін қолдануға тыйым салу.

8.5. Өзіне мәлім болған азаптаулар және басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулар түрлерінің қолдану жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу міндетін қамтуы тиіс.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бастығының  жауапкершілігі

 

9.Ақпараттық-аналитикалык бөлімшесі өз құзіреті және өзіне берілген құқықтары шеңберінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауға, құқық қорғау органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулерге және басқа да заңдылық талаптарына жеке жауапкершілікте болады.

 

 

         

         БҚО ТЖ Департамент бастығының орынбасары

          азаматтық қорғау майоры                                                   Н.С. Таубеков

 

         «_____»_______________20___  ж.

 

 

Таныстым:

Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің

бастығы                                                                              

          азаматтық қорғау подполковнигі                                    Е.Е. Арефина

 

 «_____»______________20    ж.

 

                        БЕКІТЕМІН

   Батыс Қазақстан облысы

             Төтенше жағдайлар

    департаментінің бастығы

                       генерал-майор

 _____________Ж.Жұмашев

2021 жылғы «___»________

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі бас маманының

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

1.Жалпы ережелер

 

         1.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-аналитиқалық  бөлімшесінің бас маманы (бұдан әрі-бөлімшесінің бас маманы) біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, лауазымдар тізбесіне сәйкес Департамент бастығымен тағайындалады.

      2.Бөлімше қызметінің тиімділігін қажетті деңгейде ұстау бас маманның қызметтік мақсаты болып табылады. 

        3.Бөлімшенің бас маманы өз қызмет орнында уақытша болмаған жағдайда міндетін бөлімшенің аға инженері орындайды. 

        4.Бөлімшенің бас маманы лауазымына біліктілік талабына сай келетін тұлға тағайындалады.

  1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бас маманының  құқықтары

 

  1. Ақпараттық - аналитикалық  бөлімшесінің бас маманы өз міндетін орындау үшін мынадай құқықтар беріледі:

          жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

    өз құзіреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

    белгіленген тәртіпте өз кұзыреті щеңберінде Департаменттің құрылымдық  және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен ақпараттарды сұрау және алу;

   рұқсат алудың тиісті деңгейін алу және Департаменттің ақпараттық жүйелерін қолдану.

Департамент қарамағындағы бағынысты бөлімшелердің және мемлекеттік мекемелердің жұмыстарының жай-күйіне  тақырыптық тексеруді жүзеге асыру;

бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинар-кеңестеріне,  дөңгелек үстелдерге қатысу;

Департамент қарамағына кіретін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде және мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін  ақпараттық-аналитикалық жұмысты үйлестіру.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бас маманының міндеттері

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің бас маманына мынадай міндеттер жүктеледі:

  7.1. мыналарды жүзеге асыру:

  мемлекеттік органдардың және министрдің сұраныстарына, тапсырмаларына сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың  жедел және есептілік бөлімшесінің қарамындағы шолу - аналитикалық ақпараттарды дайындау;

  орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар пен мәліметтерді алу үшін Департамент сұраныстарын дайындау;

             табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың  ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен және авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары, ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен толықтырылуын үйлестіруді  және бақылауды жүзеге асыру; 

          аналитикалық ақпараттың құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері ұсынатын кейіннен талдаумен қызметтің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-талдау жұмысының нәтижелерін ақпараттық алмасу;

              мониторинг, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесін үйлестіруді жүзеге асыру;

         бөлімше қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін жүргізу;

          Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерге ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсету;

      Департаменттің жұмыс жоспарларын орындау бойынша есеп;

      Департаменттің  құзыреті шегінде ақпараттық-аналитикалық қызметін жүзеге асыру бұйрықтарын жасау;

       бөлімшеде іс жүргізу.

       7.2.Ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтайды;

       7.3.Сыбайлас жемқорлық анық болған жағдайда Департамент басшылығына баяндауға міндетті.

7.4. Азаптаулар мен басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаудың басқа да түрлерін қолдануға тыйым салу.

7.5. Өзіне мәлім болған азаптаулар және басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулар түрлерінің қолдану жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу міндетін қамтуы тиіс.

 

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

бас маманының жауапкершілігі

Бөлімшенің бас маманы өз құзіреті және өзіне берілген құқықтары шеңберінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауға, құқық қорғау органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулерге және басқа да заңдылық талаптарына жеке жауапкершілікте болады.

 

       Ақпараттық-аналитикалық

         бөлімшесінің бастығы                                                       

        азаматтық қорғау подполковнигі                                     Е.Е. Арефина                                   

 

        «____»_______________20__ ж.

 

       Таныстым:

       Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесінің

        бас маманы                                                                        А.А. Жұмағалиева

 

        «_____»______________20___ж.

 

 

БЕКІТЕМІН

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар

департамент бастығы

генерал-майор

_____________Ж. Жұмашев

2021 жылғы «___»________

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі аға инженерінің

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

                                     1.Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-аналитикалық  бөлімшесінің аға инженері (бұдан әрі-бөлімшесінің аға инженері) біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, лауазымдар тізбесіне сәйкес  Департамент бастығымен тағайындалады.
  2. Бөлімше қызметінің тиімділігін қажетті деңгейде ұстау аға инженерінің қызметтік мақсаты болып табылады.

        3.Бөлімшенің аға инженері өз қызмет орнында уақытша болмаған жағдайда міндетін бөлімшенің аға инженері орындайды. 

        4.Бөлімшенің аға инженері лауазымына біліктілік талабына сай келетін тұлға тағайындалады.

  1. Аға инженер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

аға инженерінің  құқықтары

 

  1. Ақпараттық - аналитикалық бөлімшесі аға инженеріне орындау үшін мынадай құқықтар беріледі:

          жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

    өз құзіреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

    белгіленген тәртіпте өз құзыреті щеңберінде Департаменттің құрылымдық  және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен ақпараттарды сұрау және алу;

   рұқсат алудың тиісті деңгейін алу және Департаменттің ақпараттық жүйелерін қолдану.

Департамент қарамағындағы бағынысты бөлімшелердің және мемлекеттік мекемелердің жұмыстарының жай-күйіне  тақырыптық тексеруді жүзеге асыру, кешенді тексерулер жүргізуге қатысу;

бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинар-кеңестеріне,  дөңгелек үстелдерге қатысу.

 

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

аға инженерінің міндеттері

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі аға инженеріне мынадай міндеттер жүктеледі:

7.1. мыналарды жүзеге асыру:

  Мемлекеттік органдардың және министрліктің сұраныстарына, тапсырмаларына сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың  жедел және есептілік бөлімшесінің қарамындағы шолу - аналитикалық ақпараттарды дайындау;

Министрлік, Департамент басшылығына төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның ішінде есептік және жедел сипаттағы мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат пен мәліметтер алу үшін Департаменттің сұрау салуларын дайындау;

Департамент қарамағындағы ведомстволық және құрылымдық бағынысты бөлімшелеріне, мемлекеттік мекемелерге ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

мониторинг, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесін үйлестіруді жүзеге асыру;

     құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелер ұсынатын талдау ақпараттарын одан әрі талдай отырып, қызметтің негізгі бағыттары жөніндегі ақпараттық-талдау жұмысы нәтижелері бойынша өзара ақпарат алмасу;

      бөлімше қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін жүргізу;

      Департаменттің жұмыс жоспарларын орындау бойынша есеп дайындау;

  7.2.  Ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтайды;

     7.3.Сыбайлас жемқорлық анық болған жағдайда Департамент басшылығына баяндауға міндетті.

     7.4. Азаптаулар мен басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаудың басқа да түрлерін қолдануға тыйым салу.

    7.5. Өзіне мәлім болған азаптаулар және басқа да қатігез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулар түрлерінің қолдану жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу міндетін қамтуы тиіс.

 

 

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі

аға инженерінің жауапкершілігі

 

      8.Бөлімшенің аға инженері өз құзіреті және өзіне берілген құқықтары шеңберінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтауға, құқық қорғау органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулерге және басқа да заңдылық талаптарына жеке жауапкершілікте болады.

 

 

      Ақпараттық-аналитикалық

        бөлімшесінің бастығы                                                         

       азаматтық қорғау подполковнигі                                        Е.Е. Арефина

 

      «___»_____________20___ж.

 

       Таныстым:

       Ақпараттық-аналитикалық

       бөлімшесінің аға инженері

       азаматтық қоргау подполковнигі                                     А.Ғ. Сарсенгалиева

          

       «___»_____________20___ж.

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 ноября 2023
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Пайдалы ақпарат
09 ноября 2023
Улы газ өте қауіпті!!!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы