Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы жолдарындағы жағдай: құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс жасауда

Батыс Қазақстан облысы жолдарындағы жағдай:

құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс жасауда

 

2021 жылғы 10 наурызда 02 сағат 41 минутта Шыңғырлау ауданының аумағында Самара-Шымкент тас жолының 489-522 км шамасында жолдың әр учаскесінде Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей ауыр жүк көлігі және жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болды (шамамен 300 фура және 50 жеңіл автокөлік топтасып тұр). Құтқарушылардың ауа райының нашарлауына байланысты ескертуіне қарамастан жолға шыққандар биіктікке көтеріле алмай тұрып қалған.

10 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша БҚО ТЖД күшімен 5 бірлік техника (ауыр жүк көліктері) тазартылған тас жол учаскесіне шығарылып, 54 бірлік техника (ауыр жүк көліктері) Жымпиты кентіне (№ 39 жол-эвакуациялау учаскесінің жылу пункті) эвакуацияланды. Кептелісте Ақтөбе облысына бағытталған 147 ауыр жүк көлігі (аралығы 10 шақырымнан, жеңіл автокөліктер жоқ) тұр.

БҚО ТЖД авариялық-құтқару қызметінің күшімен жұмыс жалғасуда (11 қызметкер, 4 бірлік техника), «ҚазАвтоДор» ЖШС (5 қызметкер, 4 бірлік техника).

 

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 ноября 2023
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Пайдалы ақпарат
09 ноября 2023
Улы газ өте қауіпті!!!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы