Қолайсыз ауа райында жоғалған адамдар табылды
2021 жылы 23 ақпан күні 17 сағат 47 минутта күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Майтөбе қыстағында ауа райының қолайсыздығынан (қатты жел, боран) бір отар қойды бағып жүрген қойшы атымен адасып кетті деген хабар келіп түсті. Қызметтің № 20 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жоғалған азаматты іздестіру нәтижесінде 22 сағат 58 минутта 1974 ж.т. Е есімді азамат құтқарылды.
Сонымен қатар, 23 ақпан күні 20 сағат 45 минутта Жаңақала ауданы Мәштексай ауылының Бозторғай қыстағында ауа райының нашарлығына байланысты қой бағып жүрген 2000 ж.т. Н. есімді азамат жоғалды, жедел іздестру жұмыстары ұйымдастырылып, 24 ақпанда 03 сағат 00 минутта құтқарушылардың күшімен Ақшұғыл қыстағынан табылып үйіне оралды.
Құтқарылған азаматтар жедел жәрдем көмегіне мұқтаж болмады.