Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және оның ведомстволық бағынысты мекемелері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және оның ведомстволық бағынысты мекемелері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат

 

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және Департамент бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Департамент 2020 жылғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.     

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің құқық бұзушылықтар, қылмыстар және жазалау шаралары жасағаны туралы ТЖМ-нен келіп түскен барлық ақпарат (шолулар) жеке құрамның назарына қол қойғызып жеткізіледі.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мақала жарияланды, 11 дөңгелек үстел мен семинар өткізілді. Тұрақты негізде республикалық және облыстық БАҚ-тардың шақырылуымен, сонымен қатар Департаменттің Facebook және Instagram әлуметтік желілері арқылы азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалатын онлайн-брифингтер және халықпен есептік кездесулер өткізіледі.

Халықпен жұмыстың жаңа форматтарына көшу, қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Департамент қызметкерлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясына қатысады.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің өкілдерімен еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер мен сабақтар өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта көрнекі-ақпараттық материалдар көрсетіледі.

2019, 2020 жылдардың қорытындылары бойынша және 2021 жылдың өткен кезеңінде Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілген жоқ.

Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс фактілерін болдырмау бойынша жұмыс жалғасуда.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 ноября 2023
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Пайдалы ақпарат
09 ноября 2023
Улы газ өте қауіпті!!!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы