БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ)
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ АРАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ЖОБАСЫ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті,
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерінің бірі екенін,
ал оның азаматтық қорғау органдарында туындауы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйесін бұзып, қызметтік тапсырмаларды орындаудың тиімділігін төмендететінін мойындай отырып,
сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету мақсатында, жүйелі алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігін жете түсіне отырып,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласында өзара ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ниет білдіре отырып,
2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың маңыздылығын түсіне отырып,
Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып,
өз құзыреті және өкілеттіктері шеңберінде, келісімге келіп төмендегілер келісім туралы осы Меморандумды жасасты:
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің бастамаларын қолдайды;
2) өз интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жариялайтын және азаматтармен, ұйымдармен кері байланысты жасау жүйесін, соның ішінде олардың өтініштерді қалдыру мүмкіндігін (олардың тіркелуі және талдауымен), сондай-ақ дәлелді жауаптарын ұсынуын қамтамасыз ететін арнайы бөлімдердің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
3) қоғамдық пікірді бағалау мақсатында азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы жазылымдарға мониторинг жүргізуді іске асырады;
4) азаматтардың билікке деген сеніміне күдік тудыратын ақпаратқа, түсініктемелер беру арқылы уақытылы ден қояды, заңнаманың бұзушылықтары жағдайында заңдармен көзделген шараларды қабылдайды;
5) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінде сыбыйлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласында статистикалық, анықтамалық материалдармен, әдістемелік нұсқамалармен алмасады;
7) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
8) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінде сыбыйлас жемқорлықтың туындауына әкелетін жағдайлар туралы оларды жою немесе төмендету мақсатында ақпаратпен тұрақты түрде алмасуды ұйымдастырады;
9) айқындылықты және үздік қызметкерлердің қызмет бабында жоғарылауын қамтамасыз ететін іріктеу және кәсіби кадрларды даярлаудың оң тәжірибесімен алмасады;
10) «Adal komek» және «Antikor life» шеңберінде облыс кәсіпкерлері арасында өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жәрдем көрсетеді;
11) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдеседі;
12) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық құрамы бар мәліметтерді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жолдайды;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істерді қарау бойынша ашық сот отырыстарына қатысуды тәжірибеде қолданады;
1) екінші Тараптың аталған Меморандумды іске асыруға байланысы жоқ қызметіне араласуын болдырмауға;
2) Меморандумның орындалмауына немесе тиісті орындалмауына әкеп соғатын қиындықтар, сонымен қатар оны жүзеге асыруға байланысты барлық басқа жағдайлар туралы ақпараттандыруға келіседі.
Меморандум Орал қаласында 2020 жылғы 10 желтоқсанда екі данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
|
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ________________ Ж. Жұмашев |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы _______________ Р. Ақмырзаев |