БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының
2021 жылғы 1-тоқсандағы атқарған жұмысы бойынша
АНЫҚТАМА
2021 жылдың 1 тоқсанында облыс аумағында 88 өрт оқиғасы тіркелді, өрттен материалдық залал мәлімделмеді, орын алған өрттерде 3 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, 3 адам қаза тапты.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 6,3% - ға (2020-94) азаюы байқалады, зардап шеккендер саны 2 жағдайға азайды, қаза болғандар саны өзгеріссіз. Өрттерде балалардың қаза табу оқиғасы тіркелген жоқ.
Өрттердің сандық баламасында өрттер саны 6 оқиғаға азайған. Тұрғын үй секторында өрттердің 14,7% - ға немесе 9 өртке азайғаны байқалады. Жалпы өрттердің негізгі себебі отты абайсыз пайдалану (2021ж.-32 оқиға, 2020ж.-49 оқиға) және электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы (2021ж.-36 оқиға, 2020ж.-32 оқиға), пештерді пайдалану және құрастыру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы болып табылады (2021ж.-17 оқиға, 2020ж.-6 оқиға).
Бақылаудағы объектілерде 2021 жылдың 1 тоқсанында 9 өрт оқиғасы орын алды, жоғары тәуекел дәрежелі объектілерде өрттер тіркелген жоқ, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бақылаудағы объектілерде өрт саны 50% – ға артты (2020 ж. - 6 жағдай). Алайда тәуекел дәрежесі жоғары объектілерде өрт саны 2 есеге төмендегені байқалады (2021ж. – 0; 2020ж. - 2).
Жүргізілген өртттердің динамикасы бойынша соңғы 5 жылдағы ұқсас кезеңде (2017-2021 жж.) өрттердің жағдайы тұрақты екенін байқауға болады (орташа көрсеткіш 102 оқиға).
Департамент қызметкерлері өрттерді болдырмау мақсатында 315 шаруашылық жүргізу объектілер және мемлекеттік мекемелердің өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізді (2020 ж.–341) өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 7,6 % азайды, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша – 218 (2020 ж. – 221) 1,3 % азайды, жоспардан тыс – 97 (2020 ж. – 120) 19,2 % азайды. Меншік нысанының барлық объектілеріне тексеріс жүргізу барысында 1390 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары анықталды (2020 ж.- 1703) 18,4 % азайды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығына жол берген үшін әкімшілік жауапкершілікке 263 тұлға тартылды (2020 ж. – 237)10,9 % көбейды, соның ішінде 57 тұлға – ескерту түрінде (2020 ж. – 40) 42,5 % көбейды, 206 тұлға – айыппұл түрінде (2020 ж. – 197) 4,6 % көбейды, салынған айппұлдардың жалпы соммасы 6490325 теңге құрайды (2020 ж. – 5964750) 8,8 % көбейды.
118 айыппұл немесе 57,3%, 3077435 теңге сомасына өндірілді. Қалған айыппұлдардың ерікті төлем мерзімдері бар.
ҚР ӘҚБК 462 бабы 3 бөлімі бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып сот органдарына қарау үшін жолданды (2020 ж. – 22) 4,5 % азайды, жалпы соммасы 5527715 тенге құрайтын айыппұл салынды.
Өрттердің санын азайту және өрттердегі қайғылы салдардың алдын алу мақсатында Департамент бөлімшелері барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы жылдың үш айында 223 сөз сөйлеу (2020 ж. – 199) өткізілді, 12% – ға артты, оның ішінде теледидар бойынша – 48, баспасөзде – 58, радиода – 117.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ресми сайттарда 265 ақпарат орналастырылды, 20,5%-ға артып отыр. Адамдар көп жиналатын нысандардың дауыс зорайтқыш байланысы бойынша 133 сөз сөйлеу өткізіліп, 11,7% - ға артты.
Өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың дәстүрлі тәсілдерінен басқа, Басқарма үгіт-насихат жүргізудің көп адамды қамтитын және тұрғындардың өрт қауіпсіздігі бойынша білім деңгейлерін арттыратын креативті және жаңа әдістерін іздестіруде.
Өрттің алдын алуға және облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға бағытталған жұмысқа волонтерлік ұйымдар кеңінен тартылған. Волонтерлердің көмегімен тұрғындар арасында 6000-нан астам жадынама таратылды.
2021 жылы орман және дала өрттерін болдырмау мақсатында бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізілді, атап айтқанда:
- 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді;
- ағымдағы жылдың сәуір айында дала және орман алқаптарын өрттен қорғауды қажетті деңгейді қамтамасыз ету, сондай-ақ орман және дала өрттерін жоюға қызметтердің дайындық деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеумен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысын өткізу жоспарлануда;
- Батыс Қазақстан облысы аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу үшін Департамент «Ғарыш сапары» ҰҚ АҚ-мен соммасы 4 млн. теңгені құрайтын келісім шарт жасалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Ресей Федерациясының Волгоград облысы бойынша ТЖМ ММ-мен бірлескен «Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді жою бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру» тақырыбындағы бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
2021 жылғы сәуірде Департаменттің аудандық ТЖБ-мен өрт қауіпті маусымында жану мен табиғи өрттерді тиімді сөндіруде ерікті өртке қарсы құралымдармен жауынгерлік дайындығының жай-күйін тексеру мақсатында, іргелес аудандардың ерікті өртке қарсы құралымдары бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығуларын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығу аудандық ТЖБ бастықтарының басшылығымен өрт сөндіру бөлімдерінің, ЕӨҚҚ, «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ-нің орман шаруашылығы бөлімшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. Оның ішінде 3-уі Тасқала ауданының Шежін-2, Оян және Мерей ауылдарында, 2-уі Бөкейорда ауданының Ұялы және Бисен ауылдарында, Жәнібек ауданының Жақсыбай, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдарында, 3-уі Бөрлі ауданының Өспен, Ақсу, Киров ауылдарында. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 25 шақырымда орналасқан 43 елді-мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 8 өрт сөндіру бекеті бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспарына сәйкес, 2021 жылға 4 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру үшін бүгінгі күні 2759 адамнан тұратын 152 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Қоғамдық бірлестік нысанында 13 ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Елді мекендерді қорғау бойынша ЕӨҚҚ жарағында: 98 су тасығыш, 352 трактор, 321 басқа бейімделген техника, 1641 аспалы өрт сөндіргіш, 104 мотопомпа және 1388 басқа бастапқы құралдар бар.