| БЕКІТЕМІН | |
| ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар | |
| департаментінің бастығы | |
| генерал- майор | |
| _______________Ж. Жұмашев | |
| 2021 жылғы «___»_______ |
Қазақстан Республикасы министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы бас маманының
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
3.Заң тобыбас маманы өз қызметінде:
Қазақстан Республикасы Конституциясын; «Мемлекеттік қызмет туралы»; «Азаматтық қорғау туралы»; «Құқықтық актілер туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Әкімшілік рәсімдер туралы»; «Құқық қорғау қызметі туралы»; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын; Қазақстан Республикасы мемлекеттікқызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Кәсіпкерлік кодексін; Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу, кәсіпкерлік және еңбек кодекстерін, сонымен қатар,азаматтық қорғау саласында қызметтерді регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге деқұқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) туралы ережелерін басшылыққа алады.
министрліктің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтерін регламенттейтін құқықтық актілерді;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, осы қызмет саласындағы мемлекеттік органдармен ведомстволардың құқықтарымен өкілеттіктерін;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекет басшылығымен Министрліктің стратегиялық қондырғыларын;
Министрліктің құқықтық актілерін әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін,регламентін;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін.
ұйымдастырушылық қабілеті;
тіл табыса алу;
тапқырлық;
мұқияттылық;
талдау қабілеті;
іскерлік шығармашылық ұстаным;
өнімді және жеке жұмыс істей білу;
өзін- өзі жетілдіруге талпыну.
- жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
- өз құзіреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
- белгіленген тәртіпте өз құзыреті шеңберінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен ақпараттарды сұрау және алу;
- қызметтік, әскери және еңбек тәртібін бұзу фактілері бойынша қызметтік тексеруді жүргізуді бастамашылық ету;
- рұқсат алудың тиісті деңгейін алу және Департаменттің ақпараттық жүйелерін қолдану.
- сотта және басқа да органдарда Департаменттің мүддесін белгіленген тәртіпте қорғайды;
- талан-таражға салу, бас пайдасы үшін қиянат жасау, кем шығуы және өзге де құқық бұзушылық туралы тиісті бөлімдер дайындаған материалдарды тергеу, сот орындарына беру үшін заңды ресімделуін жүзеге асырады;
- мекемеге келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру жөніндегі жұмыста қаржылық қызметке құқықтық көмек көрсетеді, жұмысшылар мен қызметкерлерге материалдық шығынның орнын толтыру жүктелген кезде көзделген тәртіп пен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз етеді;
- өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу;
- бөлімшелердің қызмет бабындағы сұрақтар бойынша кеңестер, қорытындылар және анықтамалар береді;
-қолданыстағы заңнаманы насихаттау жұмыстарын жүргізу, Департамент қызметкерлерін құқықтық оқытуға қатысты шаралар өткізу;
-Министрліктің және Департаменттің құқықтық актілерінің және жарлықтарының орындалуын ұйымдастыру;
-Министрлік және Департамент басшылығымен қабылданған құқықтық актілерін, жарлықтарын жүзеге асыру қорытындылары бойынша есеп материалдарымен ұсыныстар дайындау;
-ішкі қызметті тәртіп ережелерін сақтау;
-ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау;
Департамент бастығының орынбасары
20__ ж «___»________________
Танысылды:
БҚО ТЖД заң тобыныңбас маманы ___________________