ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ
Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!
«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 27 желтоқсандағы мәліметі бойынша:
28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с.
Орал қ.: 28 желтоқсанда тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі.