ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ
Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!
«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 19 қыркүйектегі мәліметі бойынша:
20 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Орал қ.: түнде 20 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 18 м/с.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.