Адамдарды құтқару үшін осындай мамандық бар!
Құтқарушы мамандығы жауынгерлік және ержүрек мамандық. Біз-қорғаушылармыз! Біз бірінші қатардағы жауынгерлерміз. Төтенше жағдайлар біздің елімізде күн сайын орын алады және құтқарушыға техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды құтқару және жою бойынша дұрыс шешім қабылдауға бір ғана мүмкіндік беріледі. Біз жауынгерлік кезекшілікте тыныш ұйықтауға құқығымыз жоқ, өйткені барлық ТЖ негізінен түнде болады, біз тыныш демалуға құқығымыз жоқ, тәжірибе көрсеткендей, көптеген ТЖ мереке және демалыс күндері болады. Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының кезекші ауысымында үлкен жауапкершілік жатыр, оны кез келген басқа лауазымның жауапкершілігімен салыстыруға болмайды. Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы - бұл төтенше жағдайлар департаментінің ұясы және жүрегі, өйткені төтенше жағдайлар министрлігі жүйесі азаматтың «112 және 101» жедел телефонына қоңырау шалуынан басталады. Осы лауазым қызметкерлерінің бірі азаматтық қорғау майоры Азамат Нурпеисов болып табылады.
Бүгінгі күнге дейін мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының жедел кезекшісі лауазымында қызмет атқарамын және бұл лауазым менің жүрегіме өте жақын… Бала кезімнен мен офицерлік мундир киіп, халқымыздың игілігі мен еліміздің өркендеуіне қызмет етуді армандадым.
Азамат «Құтқарушы» мәртебесінің қалыптасуымен сіздің жолыңыз қалай басталды?
Барлығы 2006 жылы басталды… менің өмірім күрт өзгерді деп деп айтуға болады. 2006 жылдың тамыз айында мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатарына қабылдандым, онда өз ісінің маманы болу үшін казармалық жағдайда 4 жыл оқыдым. ҚР ТЖМ КТИ-да өткізілген жылдар ішінде біз техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша көптеген теориялар мен практикаларды меңгердік, бүгінгі күнге дейін өз қызметімізде алған білімімді қолданамын. Институтты бітіргеннен кейін 2010 жылы ҚР ТЖМ Министрінің бұйрығымен лейтенант арнайы атағы берілді, онда мен өз жолымды БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кезекші ауысымның басшысы болып жалғастырдым. 2012 жылға дейін мен өзімнің қарауылыммен бірге №5 МӨСБ шығу ауданында болып жатқан өрттермен күрескен болатынмын, мойындаймын оңай болған жоқ… бірақ жанымның тереңдігінде мен өзімнің игілікті жұмысымды түсінемін. Жылдан жылға есейген сайын әр өрт сөндіруші мен құтқарушы өз кәсібіне ғашық болып, Отан алдындағы өзінің ержүрек парызын орындайды. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін «101» орталық өрт байланыс пунктінде қызмет атқардым, солай менің мансабым кезекші бөлімде басталды. Өрт, жану және авариялық-құтқару жұмыстары туралы келіп түскен барлық қоңыраулар кезекші бөлім арқылы өтті, яғни кезекшілікке түскен кезде облыс бойынша өрт сөндіру тактикасын толық бақылау қажет.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісі қатарында тұрмын.
"112" жедел телефондарына қандай хабарламалар түседі?
Бастапқы кезең бұл өтініш берушіден қысқа мерзімде білу қажет хабарламаны қабылдау: төтенше жағдай түрі, нақты мекен-жайы оқиға орны және/немесе шамамен нұсқаулар, зардап шеккендер туралы ақпарат (егер бар болса), өтініш берушінің деректері және адам қоңырау шалған телефон нөмірі. Яғни, біз келіп түскен сәттен бастап болып жатқан төтенше жағдайға барлау жүргізіп жатырмыз, алынған ақпараттан төтенше жағдайларды жоюға жақын күштер мен құралдарды жібереміз, қажет болған жағдайда оны жоюға дейін күштер мен құралдарды одан әрі бақылаймыз. Кейіннен барлық ақпарат дағдарыстық жағдайларда басқару орталығына жіберіледі, онда барлық ТЖ-ның жалпы жиынтығы орын алған тәулік ішінде жүргізіледі.
Құтқару қызметтерінің жоғары кәсіби жеке құрамын дайындау үшін Қазақстандағы жалғыз Көкшетау техникалық институты жұмыс істейді, онда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесі үшін жас мамандарды даярлаумен айналысады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы