ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ
Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!
«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 29 тамыздағы мәліметі бойынша:
30 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: түнде 30 тамызда найзағай күтіледі.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.