«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 10 қыркүйектегі мәліметі бойынша:
11 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Орал қ.: 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.