Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы жалғыз жоғары оқу орны. Академия «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық күші» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды.
Академияға күндізгі оқу түрі бойынша оқуға түсу үшін келесі талаптар қойылады:
Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеуді және Академия курсанттарының қатарына қабылдауды, сондай-ақ шетелдік бейінді оқу орындарына түсу үшін іріктеуді жүзеге асырады (РФ Мәскеу қ., Беларусь Республикасы).
Оқу мерзімі – 4 жыл. Ер балалар 1 курстан 3 курсқа дейін Академия жатақханасында, 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады, ал қыз балалар барлық 4 курс өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады
Курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Барлық оқу кезеңіне курсанттар тегін киім-кешекпен, тамақпен мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Академияда күндізгі оқу курсын толық бітірген адамдарға оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге лейтенант офицерлік атағы беріледі және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде қызмет өткеруге келісімшарт жасалады.
Академияның мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан сері көшесі,136.