Бұл принциптерді тек психологтар ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайда зардап шеккен адамдарға көмектесуге тырысатын басқа адамдар да, құтқарушылар, өрт сөндірушілер білуі және сақтауы керек.
Біріншіден, мөлшерленген, өзекті және сенімді ақпарат түрінде болуы керек.
Екіншіден, зардап шеккендермен жұмыс істейтін мамандар сөйлеу, мимика және жест-ишараға әсер ететін эмоционалды күйін бақылауы керек. Сөйлесу барысында "Мен сенімен біргемін!", "Көмек келді!", "Мені тыңда!" секілді сөздерді қолданған жөн.
Зардап шеккендермен қарым-қатынас жасау кезінде бет әлпетіңізде жайлылық, сөзіңізде сенімділік болуы керек. Сіз зардап шеккендерге өзіңіздің абдырап қалғаныңызды, тіпті паника жағдайында екеніңізді көрсетпеуіңіз керек.
Шұғыл психологиялық көмек көрсетудің мақсаты-зардап шегушінің психикалық және психофизиологиялық әл-ауқатын жақсарту.
БҚО ТЖД психологиялық қызмет