Ішкі конкурс

Ішкі конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына конкурс жариялайды.

БҚО ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

C-SVО-4 санаты үшін:  нақты функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) Құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (аса маңызды істер бойынша тергеуші, аса маңызды істер бойынша жедел уәкіл (анықтаушы)) немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

 

Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің лауазымдық жалақысы:

Санаттар

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-SVО-4

301734

339605

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ (бұдан әрі - Департамент), Орал қ., Абай  даңғылы 90, 104-бөлме, пошта мекенжайы: 090000, анықтама үшін телефон: 8(7112)51-27-02, факс: 8(7112) 51-39-35, эл.мекенжайы: ok_dchs_zko@emer.kz, бос лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. БҚО ТЖД ақпараттандыру цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы C-SVО-4 санаты.

Лауазымдық нұсқаулықтар:

1) қағидаттарды айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысады және техникалық саясатты жетілдіру бағыттарын әзірлейді

ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді келіседі;

2) Департаменттің бөлімшелерінің мүдделері үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді қарауды жүзеге асырады;

3) бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

4) бөлімінің құзыретіндегі мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектендіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;

5) жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, бөліміңің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады.

6) ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға дайын ұстауды жүзеге асырады;

7) Департаменттің бөлімшелерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындайды;

8) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;

9) ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді Департаменттің бөлімшелерінде;

10) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

11) Департаменттің кеңестеріне техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

12) күштерді басқару үшін байланысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысады және қауіп төнген кезде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қаражатымен ТЖ туындағанда, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде;

13) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, ахуалдық-дағдарыстық орталықтардың корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

14) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;

15) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

16) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, дайындығына және тәуекелдерінің бар-жоғына талдау жүргізеді;

17) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

18) облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;

19) халықты хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

20) халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту жөніндегі техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;

21) халықты хабардар ету жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

22) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;

23) электр сиреналарының (сирень-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу бойынша тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару дело», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «есептеу техникасын бағдарламалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған жүйелер», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Информатика», «әскери іс және қауіпсіздік», «Сот сараптамасы», «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою», «Техносфералық қауіпсіздік», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық», «Құқықтану», «Құқық»,  «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

Конкурсқа қатысу үшін кандидат хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей БҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасына өтініш береді (өтініш нысаны қоса беріледі).

Өтінішке қоса беріледі:

1)жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді (еркін нысанда) көрсететін қызметтік қызмет нәтижелері бар қызметтік мінездеме;

2) басшы құрам қатарындағы қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

3) АҚО-да кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығын жүргізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексерудің анықтамасы (еркін нысанда);

4) АҚО кадр қызметінің басшысы куәландырған кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бар болса).

Ішкі конкурс үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық қорғау органдарында
жоғары тұрған басшы
лауазымдарға конкурс өткізу
шарттары мен қағидаларына
1-қосымша

Нысан

 

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Р. Қасыбаевқа
___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда))


Өтініш

 

      Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.

      _________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)

      Байланыс деректері:

      Жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________

      Электрондық мекенжайы _________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _________________________________

      Жұмыс мекенжайы _____________________________________________

      20___ жылғы "____" ___________ .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 октября 2025