Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттар қабылданатынын жариялайды.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Абай даңғылы, 90, 8(7112) 51-27-02, 8(7112) 54-48-22, ok_dchs_zko@emer.kz.
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 10 бірлік:
Орал қаласы ТЖБ Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 2 бірлік;
Орал қаласы ТЖБ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік;
Орал қаласы ТЖБ № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік;
Бөрлі ауданы ТЖБ № 13 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Бөрлі а.) – 1 бірлік;
Сырым ауданы ТЖБ № 14 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Жымпиты а.) – 1 бірлік;
Ақжайық ауданы ТЖБ № 27 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Қарауылтөбе а.) – 1 бірлік;
Бөрлі ауданы ТЖБ № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Ақсай қ.) – 3 бірлік.
Санаты С-SV-13. Лауазымдық жалақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты 175 700 теңгеден 264 300 теңгеге дейін. Келесідей әлеуметтік пакет бар: тұрақты және уақтылы еңбекақы, еңбек өтіліне және арнаулы шеніне байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін көбейту, мансаптық өсу, БҚО ПД емханасында қызметкерлер мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, күнтізбелік отыз күн (демалыс ұзақтығы еңбек өтіліне қарай ұлғаяды) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 48 жастан зейнеткерлікке шығады.
Лауазымдық міндеттері: өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңында белгіленген құқық қорғау қызметінде болу талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар, отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:
1) бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған);
4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:
Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер Ақтөбе қаласындағы ҚР ТЖМ АҚА Оқу орталығына алғашқы кәсіптік дайындықтан өту үшін жіберіледі.
Үміткерлер Ақтөбе қаласы Оқу орталығына бару және кері қайту шығындарын өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады (2025 жылғы 21 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында жүргізеледі).
Кадр қызметі қызметкерлерінің іс әрекеттерінде әуре сарсаңға салу немесе кәсіби ісінің төмендігі анықталған кезде келесі Сенім телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: