Өрт бойынша жалпы жағдай (І жартыжылдық)

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жағдай бойынша облыс аумағында 311 өрт оқиғасы тіркелді, өртте 4 адам қаза тауып, 1 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, өрттен келтірілген шығын сомасы 29 млн. 348 мың теңгеден асты.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының               15,1%-ға (2025 – 311, 2024 – 270) артуы, қаза болғандар саны өткен жылғы көрсеткіштен 1 жағдайға артуы (2025 – 4, 2024 – 3), жарақат алғандар саны                5 жағдайға азаюы (2025 – 1, 2024 – 6) байқалады.

Өрттердің жалпы санынан тұрғын үй секторында 166 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көбейіп отыр (2024 - 156 өрт).

 

Өрт қауіпті кезеңінің өту барысы туралы

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде өрт қауіпті маусымы 14 сәуірден басталды. Алайда, қазірдің өзінде облыс аумағында жалпы ауданы 16,4 га құраған 3 орман өрті және 415,5 га болатын 56 дала жануы орын алды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 5 табиғи өрт оқиғасы тіркелді (2 орман өрті – Орал қ. және Бәйтерек ауданы 1-ден, 3 дала өрті – Сырым ауданы - 3).

Анықтама ретінде: 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінде 19 (2023-14, +35,7%) табиғи өрт оқиғасы орын алды, оның ішінде 4 (2023-7, -42,8%) орман, 14 (2023-7, +2 есе) дала, 1 (2023-0, +100%) егістік алқабының өрті және 126 (2023-128, -1,5%) дала жану оқиғалары орын алды. Өрттердің жалпы ауданы 7690,5 га (2023-27317,2 га, -71,8%) құрады. Табиғи өртті сөндіру кезінде 1 адам (2023-1) жарақат алды. Өрттен келтірілген шығын көлемі 617 300 (2023 - 3 913 392 тг, -6,3 есе) теңгені құрады.

Табиғи өрттер санының артуына қарамастан, өткен жылы жалпы өрттердің жанып өту ауданы айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізілді.

Департамент жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрт қауіпті кезеңінде өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.  

Облыс әкімінің өкімімен 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жоспары бекітілді. Сондай-ақ, орман қорғау мекемелерімен 2025-2026 жылдарға арналған құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен өзара іс-қимыл және профилактикалық шаралар жоспары бекітілді.

Департамент жасағында 186 бірлік (негізгі – 87, арнайы – 13, қосымша – 86) техника және жеке құрамды өрт орнына жедел жеткізу үшін 9 бірлік (автобус – 2, вахталық көлік – 7) техника бар. Өрт сөндіруге тартылған күштермен радиобайланыс орнату үшін командалық-штабтық машинасы пайдаланылады, ол барлық ірі табиғи өрттерге тартылатын болады.

Облыс бойынша 182 елді мекеннің және оларға іргелес дала аумағының өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдармен құрылған  37 өрт сөндіру бекеті бар, оның ішінде 4-уі жыл бойына және 33 маусымдық (мамыр-қазан).

Табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні елді мекендерде 2247 адамнан тұратын 152 ерікті өртке қарсы құралым құрылды.

ЕӨҚҚ жарағында: 248 су тасығыш, 392 трактор, 37 басқа бейімделген техника, 1218 аспалы өрт сөндіргіш, 199 мотопомпа және 2053 басқа да бастапқы құралдар бар.

Табиғи өрттер мен жануларды өрт қауіпті кезеңде тиімді сөндіруге ЕӨҚҚ жауынгерлік дайындығының жай-күйін тексеру мақсатында сәуір айында Департаменттің аумақтық бөлімшелері шектес аудандардағы ЕӨҚҚ бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығу аудандық ТЖБ бастықтарының басшылығымен өрт сөндіру бөлімдерінің, ЕӨҚҚ, орман шаруашылығы бөлімшелері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық мақсатында ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық «Өрт - 2025» командалық - штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Рейдтік іс-шараларды өткізу мақсатында облыс бойынша азаматтық қорғау, полиция, орман шаруашылығы органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және волонтерлік ұйымдардың өкілдерінен құрамында                   84 адамы бар 15 мобильді топ құрылды.

Бүгінгі күні мобильді топтармен 601 рейдтік іс-шара өткізілді, онда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 3 322 990 теңгеге                599 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ рейдтер барысында 12 651 адамға жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

Анықтама ретінде: 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінде құрамы 78 адамнан тұратын 14 мобильдік топпен 1549 рейдтік іс-шара өткізіліп, 48770 жаднама мен ұсыныстар таратылды. Рейдтік іс-шаралар барысында жалпы сомасы 6 287 430 теңге айыппұл түрінде 423 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Орман-дала алқаптарында өрттердің алдын алу мақсатында                    1 296 адамды қамти отырып, шаруа қожалықтарымен 45 дөңгелек үстел және 55 жиын өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпті кезеңінде халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 250 (радио – 47, теледидар – 10, газет – 56, әлеум.желі – 1137) ақпарат жарық көрді.

  Қорытындылай келе, 2025 жылғы табиғи өрттердің алдын алудың тиімділігін арттыру мақсатында Департамент тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдарға және мүдделі мемлекеттік мекемелерге келесі шараларды ұсынады:

- ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтауды;

- саяжай серіктестіктерінде, сенбіліктерде, табиғат аясында демалу барысында қоқыс қалдықтары мен құрғақ шөптерді өртемеуді;

- аумақты құрғақ шөптер мен қоқыстардан тазартуды жүргізуді;

- ашық отты қараусыз қалдырмауды;

- жоғары дәрежелі өрт қаупі кезеңінде азаматтардың орман алқаптарына баруын және оларға көлік құралдарының кіруін шектеуді.

 

 

 

Анықтама ретінде:

         336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау –

  • Жеке тұлға – 20 АЕК;
  • Лауазымды – 50 АЕК;
  • Шағын кәсіпкерлік н/е коммерц.емес ұйымдар – 200 АЕК;
  • Орта – 300 АЕК;
  • Ірі – 500 АЕК.

 

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу –

  • Жеке – 10 АЕК, өрттің шығуына алып келсе 25, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орын алса 100;
  • Лауазымды, шағын кәсіп., коммерц.емес ұйым – 30, 45, 250 АЕК;
  • Орта – 50, 70, 400 АЕК;
  • Ірі – 150, 250, 1500 АЕК.

 

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау –

  • Жеке тұлға – ескерту н/е 5 АЕК, қайталанса 10 АЕК;
  • Лауазымды тұлға, шағын кәсіп. н/е коммерц.емес ұйым – 15, қайталанса 20 АЕК;
  • Орта – 50, қайталанса 100 АЕК;
  • Ірі – 150, қайталанса 250 АЕК.

 

Облыс аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 147 орын белгіленген. Ағымдағы жылы өткен кезенде қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарында 14 жану (2024 жыл бойы – 17) (Орал қаласы-7, Бәйтерек ауданы-3, Бөкей орда-1, Теректі-3) оқиғасы тіркелді. Жалпы сомасы 1 896 940 теңгені құрайтын 11 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Дата публикации
04 июля 2025