Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ

Орал қаласы                                                                                 2023 жылғы 1 ақпан

        

Ереже негізінде әрекет ететін, Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасының (бұдан әрі – 1 тарап) басшысы Ерлан Ерсайынович Галиев және Ереже негізінде әрекет ететін, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – 2 тарап) бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Қанат Қабиболлаұлы Доспаев, бұдан әрі бірлесе «Тараптар», ынтымақтастық туралы төмендегідей Меморандумды (бұдан әрі – Меморандум) жасасты:

 

1-тарау. Ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері

  1. Осы Меморандум:

1) халықты азаматтық қорғау іс-шараларына тарту жөніндегі ынтымақтастықты қолдауды, алғашқы көмектің халықаралық стандарттарын енгізуге жәрдемдесуді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету бөлігінде төтенше жағдайларға ден қою жүйелерін нығайтуды қоса алғанда, халықты даярлау, төтенше жағдайларға ден қою деңгейін жақсартуға;

2) халықтың қалың жігі арасында алғашқы көмек (өзіне-өзі көмек/өзара көмек) көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған салада ынтымақтастықты орнату және бірлескен іс-қимылды тиімді үйлестіру, тараптардың күштері мен құралдарын ұтымды пайдалану мақсатында жасалды.

  1. Осы Меморандум Тараптардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде жәрдем көрсетудегі өзара іс-қимылының мазмұны мен жүйесін айқындайды (тұрғын үй секторында бірлескен аулаларды аралау; көп қабатты үйлерде халықпен жиындар; жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен және жоғары, орта оқу орындарының студенттерімен ашық сабақтар, викториналар, конкурстар, жарыстар, халық арасында үгіт-насихат өнімдерін тарату және т.б.) және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою (төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті ұйымдастыру және тарату, арнайы оқытуды талап етпейтін іздестіру жұмыстарына қатысу, аумақты тазалауға көмек көрсету), төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл психологиялық көмек көрсету.

 

2-тарау. Ынтымақтастық нысандары

  1. Тараптар қолданыстағы және жасалатын бірлескен бағдарламаларды, жобаларды және бастамаларды іске асыруды болжау шеңберінде ынтымақтастықтың мынадай негізгі бағыттарын анықтады:

1) халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындауды ұйымдастыруда тәжірибе алмасу;

2) волонтерлердің бағдарламаларға, іс-шараларға, жобаларға қатысуын есепке алуды жетілдіру;

3) жастарды әлеуметтік пайдалы волонтерлік қызметке ынталандыруды қолдау;

4) бағдарламаларды,  жобаларды және іс-шараларды ақпараттық қолдау;

5) әріптестік қатынастарды дамыту саласындағы ынтымақтастықты ғылыми-білім беру тұрғысынан қамтамасыз ету болып табылады;

6) кадрларды және тартылған волонтерлер мен бастамашыл топтарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту.

  1. Тараптар осы Меморандум шеңберінде бір-біріне берілетін ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтайды.
  2. Осы Меморандумды орындау барысында жасалатын немесе берілетін оқу-әдістемелік материалдар мен технологияларды пайдалануға авторлық құқықтар мен айрықша құқықтар оларды жүргізетін Тараптың өзінде қалады.

 

3-тарау. Ынтымақтастық қағидаттары

  1. Тараптар халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша міндеттерді орындай отырып, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамасы келгенше өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, өзара іс-қимылды мына принциптер негізінде жүзеге асырады:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және халықты дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірлігі;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығы.

  1. Тараптардың өзара іс-қимылы күнделікті қызмет режимдерінде, жоғары әзірлікте және төтенше жағдайда басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
  2. Осы Меморандум Тараптардың ниеттерін білдіреді және Тараптардың әрқайсысының құқықтарының болуына және міндеттерінің туындауына әкеп соқпайды.

4-тарау. Тараптардың өзара іс-қимылы

  1. Тараптардың өзара іс-қимылы оларға жүктелген міндеттерді ескере отырып, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда зардап шеккен халыққа шұғыл және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды жоспарлауды қамтитын бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау, төтенше жағдайлар аймақтарында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ресурстар жасау және пайдалану (ұйым, ел ішінде халықтан гуманитарлық көмек жинау);

2) халыққа мына тақырыптар бойынша хабар беру және оқыту:

төтенше жағдайлар кезінде халықты алғашқы көмек көрсету, өзіне-өзі көмек көрсету өзара көмек көрсету дағдыларына үйрету;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру.

  1. Меморандумды іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында Тараптар үйлестірушілерді (жауапты тұлғаларды) анықтайды, олардың функцияларына мынадай міндеттер кіреді:

1) волонтерлердің міндеттерін түсіндіру;

2) қауіпсіз және тиімді волонтерлік қызмет үшін жағдай жасау;

3) волонтерлердің міндеттерін сапалы және қауіпсіз орындау үшін қажетті дағдыларды оқытуды ұйымдастыру.

  1. Оқытуды ұйымдастыру ТЖД-де волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері санаттары үшін екі жылда бір рет оқыту кезеңділігімен жүзеге асырылады.
  2. Осы Меморандумды іске асыруға қатысы бар барлық мәселелер бойынша Тараптар басшылары, сондай-ақ үйлестірушілер және өзге де уәкілетті өкілдер деңгейінде тұрақты байланыстарды қолдайды.
  3. 1 тарап:

1) 2 тарап ұсынатын барлық ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдаланады;

2) осы Меморандумның 11-тармағына сәйкес ТЖД оқыту үшін тыңдаушылардың тізімін ұсынады;

3) ТЖД өткізетін оқу-жаттығулар мен тренингтерге ҮЕҰ тарту бойынша көмек көрсетеді және қатысады.

 

5-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Тараптар осы Меморандумды бірлескен қызмет бойынша ешқандай құқықтық және қаржылық міндеттемелерге әкеп соқпайтын ниеттегі келісім ретінде қарастырады.
  2. Тараптар осы Меморандум шеңберінде ешқандай іс-қимыл Тараптардың қандай да бір өкілеттіктері мен құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс екенін негізге алады.
  3. Осы Меморандум және оның ережелерін қолданудан туындайтын Тараптардың кез келген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі
  4. Осы Меморандум кейіннен ұзарту құқығымен 1 (бір) жыл мерзімге жасалды және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Егер мерзім аяқталғанға дейін Тараптардың ешқайсысы мерзімін ұзартудан бас тартатыны туралы мәлімдемесе, Меморандум автоматты түрде белгісіз мерзімге ұзартылады.
  5. Тараптар бұл туралы екінші Тарапты кемінде бір ай бұрын жазбаша түріндегі хабарлама беріп, Меморандумның қолданысын тоқтатуға құқылы, содан кейін ол күшін жояды.
  6. Осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың қолы қойылып жазбаша нысанда ресімделеді және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.
  7. Осы Меморандумның қолданылу саласына қатысты мәселелер бойынша Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешілетін болады.

Меморандум мәтіні Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

 

«1 тарап»

 

________________ Е. Галиев

М.О.

 

«2 тарап»

 

________________ Қ. Доспаев

М.О



Дата публикации
03 июля 2025