2025 жылдың 5 ай ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында орын алған табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалардың талдауы

2025 жылдың 5 айында БҚО аумағында 285 (2024 ж. – 241, +18,3%) ТЖ тіркелді. 14 адам зардап шекті (2024 ж. – 15, -6,6%), оның ішінде 9 адам қаза тапты (2024 ж.– 8, +12,5%).

Департамент бөлімшелерінің күшімен 1143 шығу ұйымдастырылды (2024 ж. 1212, -5,7%): оның ішінде 220 авариялық-құтқару жұмыстарына, 16 іздестіру-құтқару жұмыстарына, 291  өрттерге, өрт ретінде тіркеуге алуға жатпайтын жануларға 459,  152 басқа шығуларға, 174  адам құтқарылды,  125 адам эвакуацияланды, 24 адамға алғашқы медициналық қөмек көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі дабыл бойынша 827 оның ішінде: өрттерге – 271, авариялық-құтқару жұмыстарына - 92,  іздестіру-құтқару жұмыстарына - 5, өрт ретінде тіркеуге алуға жатпайтын жануларға - 459, 104 адам эвакуацияланып, 17 адам құтқарылды, 0 адам алғашқы медициналық қөмек көрсетілді.

«Жедел-құтқару жасағы» 266  шығу жұмысын ұйымдастырды: 128 авариялық-құтқару жұмыстарына, 11 іздестіру-құтқару жұмыстарына, 124 басқа да шұғыл жұмыстарына, 7 адам эвакуацияланды, 135 адам құтқарылды, 7 адамға алғашқы медициналық қөмек көрсетілді.

«Апаттар медицинасы орталығы» ММ  50 шығу жұмысын ұйымдастырды:   0 авариялық-құтқару жұмыстарына (ЖКО - 6), өртке - 20, 0 іздестіру-құтқару жұмыстарына, 22 адам құтқарылды, 14 адам эвакуацияланды, 25 адамға алғашқы медициналық қөмек көрсетілді.

Ағымдағы кезеңде барлығы 858 (2024 ж. – 410,  +2,1%) тексеру (профилактикалық бақылау және жоспардан тыс) жүзеге асырылды; - өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың барлығы 4955 (2024 ж. – 2636, +87,9 ретке) анықталды;

189 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2024 ж. - 249, -32,2%), оның ішінде ескерту түрінде - 162 адам (2024 ж. - 239,-31,2%), 27 тұлға айыппұл түрінде (2024 ж. – 10, +2,7 ретке), 3 332 370 теңге сомаға (2024 ж. – 701 480, +4,7 есе);

Есеп беру кезеңінде тұрғындардан түскен қоңыраудың саны – 73290 құрады, оның ішінде: 

- негізгі қызмет бойынша «112» –4249;

- «101»-ге –2751;

- «102» –6490;

-  «103» –26994;

- ақпараттық-анықтамалық мазмұнда – 22140;

- басқалар – 10666.

Дата публикации
03 июля 2025