Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігіБатыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) облыс аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;
17) облыс аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) облыс, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындау;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асыру;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату